Қазақстан басқа елде қылмыс істеп, жауапқа тартылған азаматтарынан бас тартпайды. Себебі мемлекет үшін шетелде жүрген азаматтарды қорғау, қамқорлық көрсету – конституция бойынша жүктелген міндет. Сондықтан еліміз «қылмыс жасады» деп айыпталған, сотталған азаматтарынан бас тартпайды. Шетелде сотталған азаматтардың өз отанында жазасын өтеуіне заңға сәйкес мүмкіндік жасайды. Ал қазіргі кезде Қазақстан қай елдерден сотталған адамдарын қайтара алады? …