Есірткіден елірген бе? Алматыда терезенің ернеуінде билеп, кейін құлап қайтыс болған бойжеткен туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. 17 жастағы марқұм Қырғызстанда наркологиялық диспансерде есепте тұрыпты. Сол жақтан туыс әпкесімен бірге осыдан екі ай бұрын Қазақстанға келген. Бойжеткеннің тәлтіреңдеп жүргенін көрген көршілері оның алкогольға да әуес болғанын айтады.