Бір ай бұрын ғана газет бетінде Данияр Саламаттың Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген «Талақ» фильмі үлкен додада бақ сынайтыны айтылған. Шанхайда қазақ кинокартинасы әлемнің үздік 14 фильмін басып озып, бас жүлде алды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген туынды ХХVІ Халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) толықметрлі фильм аталымының «Алтын кубогін» жеңіп алды. Ал актриса Амира Омарова «Ең үздік әйел рөлі» аталымында жұлдызы жанды.