Қазақтықтың қаймағы сақталған, мемлекеттік тіл тұғырына қонған Түркістан өңірінде көпұлтты ерекше білім ошағы бар. Ол Төлеби ауданы Бірлік ауылындағы Бірінші мамыр орта мектебі. Онда 20 түрлі ұлыстың балалары оқиды. Терең тарихы бар мектеп, облысқа бауырмалдығымен үлгі болып отыр. Бүгінгі мейрамды ерекше атап өткен білім ұясына біздің тілшіміз де барып қайтты.