Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафон өтеді. Ол республикалық 10 телеарнаның тікелей эфирінде көрсетіледі. Бес сағаттық эфирде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың, құтқарушылардың оқиғалары баяндалып, репортаждар көрсетіледі. Басты кейіпкерлер – құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметкерлер мен волонтерлер. Сондай ақ, полиция өкілдері мен жергілікті тұрғындар. Эфир барысында ресми тұлғалардың өңірлердегі су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары баяндалатын болады.