Ақтауда эвакуациялық орталықтар саны үш есеге азайды

Атырау облысының Жылыой ауданындағы су тасқыны кезінде Маңғыстауға эвакуациланған адамдардың үш бір бөлігі үйлеріне оралды.Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эвакуациялық пунттегі адамдар саны азайғаны байқалып отыр.Ақтау қаласы әкімі аппаратының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторының мәліметі бойынша, су тасқыны басталғанда облыс орталығында 24 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған.«Ең көп есептік көрсеткіш бойынша 10 сәуірде 1756 адам орналасты. Қазіргі таңда тек 7 эвакуациялық пунктте адамдар уақытша тұрып жатыр. Олардың саны 878 адамды құрайды. Жақын туысқандарының үйлеріне немесе өздері орналасқандар саны 224 адамды құрайды», — деді қалалық әкімдік аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы.Ал Бейнеу ауданында Құлсарыдан эвакуацияланған 18 мыңға жуық адам бар. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілі мәлімдеді.«Боранқұл ауылында 4 эвопункт бар. «Орда», «Керуен» кэмпингтері, «Нобилис» ЖШС жатақханасы мен «Мөлдір» кафесінде 55 адам уақытша қоныстанған. Бейнеу ауылында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның жатақханасы, «Арай» қонақүйі, «Элит» кафесі, «Ақсалим» сауда орталығы, «Айби» кафесінде жалпы 138 адам бар. Бейнеу ауданы бойынша эвакуацияланған 17 595 адам бар. Эвакуацияланған пунктерге орналасқандардан өзгелері жақын туыстарының үйлеріне орналасқан», - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.Бүгінде эвакуациялық орталықтағы Атырау облысынан келген тұрғындарға қажетті заттар мен тиісті азық-түлік қорын еріктілер жеткізіп беріп отыр. Бұл орайда облыста еріктілер тобы құрылып, гуманитарлық көмек жинау жолға қойылған. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы елеулі үлес қосып отыр.Сондай-ақ, Маңғыстау облысына су тасқынынан эвакуацияланған тұрғындарға Қырғызстан Республикасынан 2 жүк көлігіне тиелген 40 тонна шамасында гуманитарлық көмек жеткізілді.«Гуманитарлық көмектің қатарында сары май, ірімшік, айран, қаймақ, шұжық, ұнтақталған сүт өнімдері бар. Олардың барлығы өңіріміздегі эвакуациялық пунктерде жатқан тұрғындарға таратылатын болады», — деп мәлімдеді өңірлік қоғамдық коммуникациялар қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандағы су тасқыны: Атырау мен ШҚО-дағы жағдай қандай?
"Біздің ақау – миымызда". Заңгер заңның қазақша нұсқасы туралы
Президентке арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды
Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды
Алматыда тарихи тұлғаларға мемориалдық тақталар ашылды
Бала зорлап, өмір бойына сотталған адамның үкімі өзгеріссіз қалды
Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне есірткі тасығандар анықталды
Қазақстан әскерінің жаңа ұшақтары мен тікұшақтары таныстырылды
Гимнасшы Елжаңа Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады
Алматылық зейнеткер соққыға жығылып, қайтыс болды
Президентке арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды
Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Ауғанстаннан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін есірткі арнасы жойылды
Алматылық зейнеткер соққыға жығылып, қайтыс болды
Бишімбаев Нүкенованы өлтіргісі келсе, киллер жалдайтын еді - қорғаушы Ғазымжанов
Қазақстандық ғалымдар Паркинсон ауруымен күресуге сеп болар жаңалық ашты
Құбылу, қақтығыс және қара алтын құны
Үлкен Алматы айналма автожолында қозғалыс уақытша шектеледі
Астаналық жігіт шашын тегін қысқартып, шаштараздың телефонын ұрлап кеткен
«Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салу керек»: Сарапшылар сайлау ұйымдастырудың тәртібін талқылады
Президент Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Шайх-Хасан Жазықбаев: Әскер – егемендік пен елдіктің тірегі
Президент Ұлттық ұлан әуе базасының ашылу рәсіміне қатысты