Ақтөбеде су басқан шалғай ауылды полиция күзетіп жүр

Ақтөбе облысы бойынша су басқан ауылдарды әлі күнге дейін полиция күзетіп жүр. Мұнда полиция қызметкерлері кезекшілікпен жұмыс істейді.Ақтөбе облысы бойынша қазір тек Ырғыз ауданының үш ауылында су қайтқан жоқ.Сондықтан Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарында полиция күзеті жалғасып жатыр. — Нұра ауылында 1300-ден астам адам тұрады. Оның Түбек аумағында 55, Штаб аумағында 45 үй бар. Халық мал шаруашылығымен айналысады. Бәрі бір-бірін таниды. Көктемгі су тасқыны кезеңі басталғанда біз бөгет бекітуге, салуға жұмыстарына қатыстық. Содан кейін эвакуациялау жұмысы жүрді. Қазір мұндағы қауіпсіздік мен дүние-мүліктің бүтіндігі үшін қызмет етіп жүрміз. Ауылға бөгде адам кірмейді. Өзіміз сол ауыл маңындағы шатырда қонамыз. Жолдан әрі-бері өткендерді қарап, бағыттап отырамыз, — деді Ырғыз ауданы Нұра селолық округінің учаскелік инспекторы Айдын Бейсенбаев.Нұра ауылындағы жұмыс 30 наурыз күні басталып, бүгінге дейін жалғасып жатыр.Мұнда кейбір жолдарды су шайып, қатынас қиындаған. Полиция сол маңда адамдарға ескерту жасайды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде құтқару, эвакуациялау және күзету қызметіне барлығы 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Маңғыстау облысының жаңа әкімін қабылдады
Жамбылда кішкентай қыз әткеншекке қысылып қалған
Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің жай-күйі қандай?
Меркіде бірде-бір жетім балаға баспана берілмеген
Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан блогер жауапқа тартылды
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
«5 жастағы баланы аман алып қалды»: Астанада мектеп оқушысы ерлік жасады (ВИДЕО)
Еліміздегі жол апаттарының негізгі себебі белгілі болды
Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер ауыл тұрғынына баспана салып берді
Астанада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды
Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының иесі атанды
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді
"Адамзаттың бейбіт даму құндылықтарын ұжым болып ілгерілететін уақыт келді", - Президент
Ақтөбеде тасқынан зардап шеккен 273 отбасыға үйлерін жөңдеу және қалпына келтіруге 821 млн теңге өтемақы төленді
"ҰБТ форматы өзгереді", - министр
Павлодарда тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын
«Балалар демалысын моншада ұйымдастырып жүрмесін», - О. Бектенов
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады
Елімізде әр адам күніне орташа есеппен төрт кесе шай ішеді
Су тасқыны болған аймақтарда 61 мың 352 адам үйіне оралды
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
Нашақорлар мәжбүрлі түрде есепке қойылады
Астанада 45 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр
Елордада дипломаттар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті