Алматы облысында 3 жасар қыз 12 күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында 3 жасар қыз 12 күннен бері табылмай жатыр. Оны іздеуге тікұшақ та жұмылдырылды. Сондай-ақ, дрондар мен иттер, атты сарбаздар мен жергілікті тұрғындар іздеп жатыр. Бірақ, бүлдіршін ізім-ғайым жоқ. Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында тұратын бүлдіршін 17 наурыз күні үйінен шығып кеткен. Содан жоқ. Полицияға анасы хабарласыпты. Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, әскери қызметкерлер жұмылдырылды. 300 адам жан-жақтан іздеп, қызды таба алмай жатыр. Сәуле АЛИПОВА, БАЛТАБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Көрші округтің, көрші ауылына жақын орналасқан шаруа қожалықтары жерлеріне іздестіру жүргізілуде. Сонымен бірге жоғалған қыздың тұрған үйіне 30 метр қашықтықта орналасқан «Безымянный» көлінің суын 2 метрге түсіру жұмысы жүргізілуде. Бұл бір апта уақыт алатын жұмыс. Сондықтан іздестіру жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады. Кішкентай балалар көбіне қараусыз көшеге шығып кеткеннен, автобуста ұйқтап қалғаннан жоғалатын көрінеді. Бірер күн бұрын қалада тағы бір оқиға болды. Кішкентай баласын жақындары автобуста ұмытып кеткен. Қоғамдық көлік жүргізушісі оны патрульдік полицияға табыстағаны туралы желіде тарады. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, баланың туыстары табылған. Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: "Ата-анасы бірнеше минуттың ішінде табылды. Бала оларға тапсырылды. Барлығы жақсы" Сондай-ақ, 15-тегі жасөспірім бірнеше күн жоғалып кетіп, табылды. Оны 500-ден астам адам іздеген. Дильмира БЛАЦ, «ЛИДЕР.КЗ» ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Балалар әсіресе жазғы мезгілде жиі жоғалады, яғни жазғы демалыс кезінде. Оған күзгі және қысқы демалысты қосыңыз. Статистика бойынша көбіне өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жиі хабарсыз кетеді. Оның негізгі себебі балалардың отбасымен, достарымен ренжісіп, түсініспеуі. Көп жағдайда біз оларды компьютер клубтарынан, вокзалдан, парктерден тауып жатамыз. Еріктілердің айтуынша, былтыр жоғалу дерегі бойынша ересектер мен балаларды қосқанда 796 өтініш түскен. Оның 645-і тірі болса, 35-нің мәйіті табылған. Балалардың жоғалуы әлемдік мәселеге айналған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде — 70 мың, АҚШ-та – 1,5 млн, Ресейде – 15 мыңға жуық бала жоғалатын көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысының әкімдігі жалғыз ардагердің пәтерін жөндеп беретін болды
"Бәрі Елдостың өз қолында": Бас хатшы Сметовтің олимпиадаға бару мүмкіндігін бағалады
Министр Шарлапаев Ақмола облысында болды
Құтқарушылар тауда жағдайы нашарлап қалған туристі түсіріп алды
Ақтөбе облысының әкімдігі жалғыз ардагердің пәтерін жөндеп беретін болды
"Алғашқы тапсырысым - 1000 доллар болды". Алматылық 20 жастағы жігіт ерлер киімін ерекше технологиямен тігеді
Жер бетінде екі күн бойы күшті магниттік дауыл болуы мүмкін
Өрт сөндірушілер төрт газ баллонын шығарды
Су тасқыны: Атырау облысында 300 метрге жуық бөгет салынды
СҚО-да көлемі жаңғақтай бұршақ жауды
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп жатыр
Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төнді
Жаңбыр, бұршақ, үсік: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы
Дәрумендерді күннің қай уақытында қабылдаған дұрыс? Диетолог жауап берді
WKF каратэ: ұлттық құрама 39 алтынмен жалпы есепте 1-орынды иеленді
Астанада ерекше форматтағы экоакция өткізілді
Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
Түркістанда сәбидің өлі денесі табылды
Астана мен Шымкентте жұма күні жауын-шашын күтіледі, Алматыда күн бұлтты
10 және 11 мамырда күшті магниттік дауыл болады
БҚО-дағы су тасқыны: әкім үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы
15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Су тасқыны салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты