Сұхбатта актер өзін депрессияға ұшыратқан диагноз жайлы айтып берді, - деп жазды Халық үні.Желіде Жахан Отарғалиевтің белгілі журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатынан үзінділер жарияланды.Сұхбатта актер өзін депрессияға ұшыратқан диагноз жайлы айтып берді. «Маған диагноз қояды. «Жахан, сен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың» деді. Бұл нәрсенің маған ең ауыр тигені бір, екіншіден осыны менің әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұрын сезетінмін. Біраз жыл болмай жүрдік. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үміт болды және ол әлі де бар», - дейді ол.