Батыс Қазақстан облысында 80 отбасы Наурыз мейрамында баспаналы болды

Наурыз мейрамында Орал қаласының Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Айтулы шара Наурызнаманың Ынтымақ күнімен қатар келді.Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы жиналғандардың барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Осы орайда, әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар маңызға ие. Бүгінде Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 14 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында салынған көпқабатты тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға жеңілдетілген пайыздық несиемен беріледі. Бүгін, міне осы бағдарлама арқылы кезекте тұрған 80 отбасы баспаналы болды. Бүгінгі жаңа пәтер иелерін баспаналы болуларымен құттықтаймын. Сондай-ақ, Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!", - деді аймақ басшысы.Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" жобасы жүзеге асуда. Жаңа тұрғын үй құрылысы аталмыш жоба аясында жүзеге асырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы
Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы сыйлаған тазыны көрсетті
Қазақстандықтардың мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды – министрлік
Қайраттың әндеріне – 1 миллион, Шәмшінің хиттеріне – 22 мың теңге: композитордың келіні өкпесін жеткізді
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
Швейцария Қазақстанға озық еуропалық технологияларды тартуға жәрдемдесуде
Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, Карими - күміс жүлдегер
Қызылқоғада су шайған жолдарқалпына келтірілуде
Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінді
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті
Талдыкөлден эвакуацияланған 223 тұрғын Атыраудағы эвакопункте жатыр
Италияның солтүстігінде су тасқыны болды
Бішкектегі тәртіпсіздік: ҰҚК мәлімдеме жасады
Cу тасқыны: Қазақстан мен Жапония бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр
Маусым айында қазақстандықтар қосымша демалыс күніне байланысты үш күн қатарынан демалады
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Мәулен Әшімбаев «Run for Autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Тағы да жер сілкінді
Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева
Run for autism аяқталды
«Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуы аяқталды