Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.4 мамырда қазақстандық екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді. Олардың жекпе-жегі Б рингінде оныншы болып тіркелген. Ал кешкі сессия елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген. Бұл сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен А рингінде он үшінші жұпта сынға түседі.

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли Төлтаев сынға түседі
Жаңалықтар


































