Танымал Tik Tok қолданушысы, блогер Алексей Қайықбаев тойда күзетпен жүрген актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайды сынап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Бұған дейін өнер иелерінің күзетпен жүргені туралы жазған едік. Мына видеоны көріп шок алып отырмын. Әй не болды сонша? Сендер кімнен қорқып жүрсіңдер? Өздеріңді көтеріп жатқан қарапайым халықтан қорқып жүрсіңдер ма? Күзетпен қоршап не болды сонша? Кішкене қарапайым болу керек қой. Әй анау әлемді мойындатқан, бүкіл әлем таныған Димаштың өзі солай жүрмейді ғой. Халықтың арасында фотоға түсіп жүреді. Бізде қаншама халық әртістері, Досмұқасан тобының ешқайсысы бұлай жүрмеген. Сендер бір фильм шығарып, ән жазып, халықтан қорқып жүрсіңдер, - деді блогер. Сондай-ақ күзетпен қоршалғанша басқа амалын қарастыру керегін де атап өтті. Иә, халық деген сондай, фотоға, видеоға түскісі келеді. Не болды сонша? Ондайларыңмен алысқа бармайсыңдар. Соңғы кезде осындайлар көбейіп кетті. Күзетпен жүреді, 1045 райдері бар, осындай су болуы керек..тағы басқа. Иә, халық енді әртүрлі болады. Ән айтам десеңіздер өздеріңіздің райдеріңізді жазыңыздар. Ән айтатын сахнасы болсын, халық би билегенде әрі қарай тұрсын, бір-бірімізге кедергі жасамайық, ал күзет шетте тұрсын деп айтуға болады ғой. Бірақ бұлай қоршап алып, тұруға болмайды деп ойлаймын, - деді блогер Алексей Қайықбаев.

«Димаштың өзі олай жүрмейді». Танымал блогер тойға барғанда оққағармен жүретін Бадықованы сынап тастады
Жаңалықтар































