Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды.2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады. «Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.