Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы биыл 13,8%-ға артқан

Роман Скляр Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямадамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.Келіссөз аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екендігіне тоқталып, Жапония Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Жапониямен өзара қызығушылық тудыратын барлық салада стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі. Жалпы алғанда, елдер арасындағы ынтымақтастық көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік негізінде қалыптасып келеді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Бұл ретте, Роман Скляр сауда-экономика және инвестиция салаларындағы байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 13,8%-ға артып, $2,2 млрд құрағаны атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда Қазақстан-Жапония қатынастарын нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Резервте тағы 54 млрд теңге бар». Үкімет Атырау облысына қосымша қаржы бөлуге дайын
Болашақ ықшамауданы тұрғындарына Құлсарыдан жер телімдерін беру ұсынылды
Су тасқыны: 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты
Маңғыстау облысына 5 жылда 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған
Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды
Ақтөбенің Қобда ауданында 113 жаңа үйдің құрылысы басталды
Cу тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы жаңа баспанасының кілтін алды
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салынып жатыр
Атырау және Ақтөбе облысының тұрғындары құқықтық кеңес алды
Президент Малайзия Премьер-министрін шығарып салды
Астананың 8 тұрғыны терроризм үшін жауапкершілікке тартылды
Мақат ауданының әкімі 11 жыл бойы ұрып-соқты деп айыптаған бұрынғы әйеліне жауап берді
Мектептерде сапалы интернет көрсеткіші үш есеге артты
Ақмола облысында көлік аударылып, екі адам көз жұмды
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты
Түркістан облысында мектеп директорының экс-орынбасары сотталды
Биыл Алакөлге 12 бағыт бойынша пойыз қатынайды
"Жұмыс толығымен тоқтатылады". Астанада маусым айынан бастап құрылыс компанияларына қойылатын талап күшейеді
Абай облысының атты полициясы құқықтық тәртіпті қадағалайды
Банкрот деп танылған тұлғаларға қандай шектеулер бар
Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
"Бос патрондар атылады": Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады