Пиязды экспорттауға рұқсат берілді. Алты түрлі азық-түлік өнімнің бағасы арзандады. Халыққа қолжетімді ме? Тауар тапшылығы болмай ма? Жастарға жеңілдетілген несиеге өтініші қабылдануда. Талабы қандай? Осы және өзгеде ақпараттар Экономика топтамасында.Соңғы алты апта қатарынан азық-түліктің 6 түрі арзандаған. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкіметте айтты. Оның сөзінше, азық-түлік бойынша ешқандай тапшылық болмайды. Қор жеткілікті. Бұған қоса, Тәжікстаннан мен Өзбекстаннан импорттау басталған. Сондықтан министр қазір пиязды экспорттауға рұқсат бергенін атап өтті. Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: Қарақұмық, күнбағыс майы, қант, тауық етінің бағасы түсті. Өткен аптада картоп пен сәбіз арзандай бастады. Қазіргі уақытта тапшылық туралы мәселе көтерудің қажеті жоқ. Құрылыс саласындағы бақылауды күшейту керек. Бұл туралы сенатор Бекболат Орынбеков депутаттық сауалында айтты. Оның сөзінше, тексеруді тежеу кәсіпкерлікке серпін бергенімен, салынған үйлердің сапасына кері әсер етуде. Тіпті құлауына әкеп соғуы ықтимал - деді. Депутат құрылыс инспекторларының жұмыс ауқымының көптігіне де назар аударды. Қазір олардың саны 138 болса, салынып жатқан нысандардың саны 8 мыңға жуық. Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Шетелдерде болып жатқан жер сілкінісі салдарынан бір қарағанда берік көрінетін ғимараттар қирағанымен қоса, көптеген адамдардың өмірі қиылғаны әлем жұртшылығын алаңдауын, құрылыс саласына деген немқұрайлылық көз қарастың орын алуымен сипатталады. Осындай келеңсіз оқиғалар болдырмас үшін алғашқы кезекті мемлекеттік сәулет құрылысы бақылау мәселесін жетілдірудің қажеттілігі сөзсіз. 2,5 %-бен берілетін жеңілдетілген микрокредит алуға 800-ге жуық өтінім түскен. Биыл шағын несие 5 796 адамға беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Айта кетейік, микрокредиттер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін 5 жылдан аспайтын мерзіммен беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі. Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін. Кепілмен қамтамасыз ету – міндетті шарт. Оған жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады.