“Қызуы көтерілді, ауызы қанады, бөртпе шықты”: Екі баласы бірдей қызылша болған келіншек аурудың қалай өрбитінін айтты

“Қызуы көтерілді, ауызы қанады, бөртпе шықты”: Екі баласы бірдей қызылша болған келіншек аурудың қалай өрбитінін айтты

Қазақстан әлем бойынша қызылша жұқтырған науқастар саны бойынша Йемен пен Үндістаннан кейін үшінші орында тұр. Жантүршігерлік статистика бұл дерттің дүниежүзінде өршіп тұрғанын көрсетеді. Оған не себеп? Аурудың белігілері мен қаупі туралы педиатр-инфекционист дәрігер Абылай Қалдарбекұлы айтып берді. Сондай-ақ екі Stan.kz тілшісі екі бірдей баласы қызылша жұқтырған шымкенттік келіншекпен сұхбаттасты.Шымкенттік Айдана Спабекова екі баласына да қызылша шығып, аурудың әуреге салғанын айтады. Кейіпкеріміз бастапқыда қызылшаны тұмаумен шатастырып, дұрыс ем жүргізбеген. “Қызылшаны ұлым балабақшадан жұқтырып келді. Алғашқы төрт күн ыстығы көтеріліп, ауырып жатты. Мен оны тұмау екен деп ойлап, үйден емдедім. Қызылшаның ерекшелігі температура түнде көтеріліп, баланың мазасы қашады. Жөтел, мұрыннан су ағу деген белгілер болмайды. Уақыт өте жүрегі айнып, тамағы қызарады. Кейін тамаққа да тәбеті тартпай, тіпті су ішпей қойды. Ауызы ойылып, қанап, басын көтере алмай қалды. Бесінші күннен бастап бетіне бөртпе шыға бастады. Оның қызылша екенін ғаламтордағы ақпараттан білдім. Содан бірден жедел жәрдем шақырып, инфекциялық ауруханада бір апта жаттық. Дәрігер бөртпелердің үш күн сатылап шығатынын айтты. Бірінші күні қызу көтерілгенде басына, көзіне, құлағына, мұрнына, тамағына, тіліне шығады. Екінші күні температура бергенде денеге, белге дейінгі аймаққа шығады. Үшінші күні бөртпе белден төмен, табанға дейін қаптап кетеді екен”, – дейді кейіпкер. Айдана ауруханадан шығып үйге келгенде жұқпалы аурудың белгілерін емізулі қызынан да байқаған. “Емделіп шыққан соң үйге келген бетіміз сол еді. Қызылша 6 айлық қызыма жұқты. Емізулі болған соң ауру жеңіл өтті. Жақында қызым желшешек жұқтырып алды. Желшешек (ветрянка) те де денеге бөртпелер қаптайды. Бірақ жараның беті суланып, жарылған соң қышиды. Желшешек кезінде қызымның қызуы көтерілмеді, жөтел де болған жоқ. Бір аптадан соң жазылып кетті”, – дейді кейіпкер. Осы тұста көптеген адамдар қызылша мен желшешекті шатастырып алатынын айта кетейік. Сол себепті педиатр-инфекционист Абылай Қалдарбекұлынан аталған аурудардың айырмашылығын сұрап көрдік. “Қызылшаның өршуіне біріншіден, ата-аналардың екпеден бас тартуы себеп болып отыр. Екіншіден, мектепте, балабақшада балалардың бір-бірімен байланысқа түсуі жұқпалы ауруды өршітеді. Қазақстанда қызылша қыркүйектің аяғы, қазан айының басынан бастап тарай бастады. Күннің салқындауына байланысты респираторлық вирустық инфекцияның өзі көбейді. Онымен қоймай, ата-аналар қызылшаны тұмау екен деп баланы оқшауламай, үйде емдей берді. Дерттің кең таралуына бұл да әсер етпей қоймады”, – дейді дәрігер. Қызылшаның алғашқы белгілері: Үш күн қатарынан температуоа 39-40 градусқа дейін көтеріліп түспейді; Ауыз қуысында майда ақ дақтар пайда болады; Ауыз қуысы ойылады; Баланың көзі былшықтанып, суланады; Төртінші күні баланың денесіне бөртпелер шыға бастайды. Қазір қызылша ауруының өршіп тұрғанына байланысты, дәрігерлер қосымша екпе салып жатыр. Күнтізбеден тыс, 6 айдан асқан балаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханада екпе салынады. Қызылша ауруы мен асқынуларды екпе арқылы ғана алдын алуға болады. Дәрігер қызылшаны үй жағдайында емдемеуге кеңес береді. Себебі, менингит, қызылша энцефалиті сынды аурулар асқынып, миға әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесіне зақым келіп, баланың мүгедек болып қалуы ғажап емес. Қызылша асқынып кетсе, пневмонияға әкеліп соғады. Ал қызылша пневмониясы басқаларға қарағанда ауыр өтеді және өкпеде ателектаздар қалып қояды. Яғни, өкпенің сыйымдылығы төмендеп, бала ауа жетпей, соңы гепоксияға әкеліп соғады. Қызылша мен желшешекті қалай айырамыз? Қызылша мен желшешекте бөртпелердің түріне байланысты айырмашылық болады. Қызылшада макулопапулезді, яғни бір-бірімен қосылған, тұтас бөртпе болады. Сондай-ақ баланың қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, гипертониялық температура болады. Қызылша кезінде адамның құлақ жағына және бетіне бөртпе қаптағанымен шаш арасына шықпайды. Ал желшешек кезінде денеге іші суланған, беті жараға ұқсас бөртпе қаптайды. Дене температурасы 38 градустан аспайды. Қызылша кезінде бөртпе шаш арасына дейін шығып кетеді және ауыз қуысында ақ дақтар болмайды. Сондай-ақ гастроэнтеролог-инфекционист маман Нұржамал Кәрімқызы ересектердің қызылшаны ауыр өткеретінін тілге тиек етті. “Қызылша ересектер үшін қауіпті болуы мүмкін. Бас ауырып, адам өзін жайсыз сезінеді. Бүкіл дене ауырып, үнемі шаршап жүреді. Дене қызуы жиі көтеріліп, 40 градусқа дейін барады. Ересектердің денесінде, одан бөлек мұрын, ауыз қуысында, тамақта және жыныс мүшелерінде бөрпелер қаптап, қышиды. Бездер үлкейіп, дене қызуы 7-8 күнге дейін басылмайды. Балалар 1-2 күн қызу көтеріліп, 2-3 күн бөртпе шықса, ересектерде дене температурасы көтерілген сайын, бөртпелер қаптай береді. Сондай-ақ жүйке жүйеге де зақым келеді. Ересектер қызылша ауруын қашан да асқындырып алады. Егер дер кезінде емдеген жағдайда 20 күн-1 айдың ішінде жазылып кетеді”, – дейді дәрігер. Нұржамал Кәрімқызының сөзінше, бұл аурулар балаларда жеңіл өтеді. “15 жасқа дейінгі балалардың өзінің және анадан берілген иммунитеті болады. Сол себепті балаларда жеңіл әрі қысқа уақытта өтіп кетеді. Ал 15 жастан кейін адамда иммунитет төмендей бастайды. Бұл кезде аналық иммунитет болмағандықтан ағза вирусты жеңе алмайды”, – дейді маман.

Спортпен шұғылдану артық салмақтан арылудың кепілі емес – мамандар
Спортпен шұғылдану артық салмақтан арылудың кепілі емес – мамандар
  • el.kz
Қазақ шорт-трекшісі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
Қазақ шорт-трекшісі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
  • penalty
  ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қою туралы хабарлады
ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қою туралы хабарлады
  • aikyn
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, екі аяғынан ауыр жараланды (Видео)
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, екі аяғынан ауыр жараланды (Видео)
  • alash.kz
Қазақстанда басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданғаны үшін жазалау шаралары енгізілді
Қазақстанда басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданғаны үшін жазалау шаралары енгізілді
  • aqshamnews
Қазақстанда колониядан босап шыққандар үшін уақытша тұру орындары құрылмақ
Қазақстанда колониядан босап шыққандар үшін уақытша тұру орындары құрылмақ
  • aqshamnews
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
  • aqshamnews
Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады
Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады
  • aqshamnews
Алматыда көктемгі дератизация жүріп жатыр
Алматыда көктемгі дератизация жүріп жатыр
  • aqshamnews
Алматыда борышкерлердің көліктері айыппұл тұрағына қойылуда
Алматыда борышкерлердің көліктері айыппұл тұрағына қойылуда
  • aqshamnews
Доллар тағы қымбаттады
Доллар тағы қымбаттады
  • aqshamnews
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда автокөлікті кезексіз тіркеу мүмкіндігі пайда болды
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда автокөлікті кезексіз тіркеу мүмкіндігі пайда болды
  • aqshamnews
Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия
Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия
  • aqshamnews
50 мың доллармен жауып тастауға уәде берген - Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот қалай өтіп жатыр?
50 мың доллармен жауып тастауға уәде берген - Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот қалай өтіп жатыр?
  • alash.kz
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады
  • aqshamnews
"Алып кетуге рұқсат, топырағымен бірге": Мұстафа Шоқайдың зираты бұзылғалы жатқаны рас па?
"Алып кетуге рұқсат, топырағымен бірге": Мұстафа Шоқайдың зираты бұзылғалы жатқаны рас па?
  • alash.kz
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
  • aqshamnews
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
  • aqshamnews
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
  • aqshamnews
АҚШ Ресейдің банк саласы мен мұнайына қарсы санкцияларды күшейтеді
АҚШ Ресейдің банк саласы мен мұнайына қарсы санкцияларды күшейтеді
  • alash.kz
Алматыда төрт радикал ұсталды
Алматыда төрт радикал ұсталды
  • aqshamnews
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
  • aqshamnews
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
  • aqshamnews
"Жеті шелпек пісіру" ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі керек - қоғам белсендісі
"Жеті шелпек пісіру" ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі керек - қоғам белсендісі
  • alash.kz
PGL Astana: Казахстан становится центром мирового киберспорта
PGL Astana: Казахстан становится центром мирового киберспорта
  • Smi24
Өзбекстандағы этникалық қазақ боксшы Golden Boy промоушенімен келісімшартқа отырды
Өзбекстандағы этникалық қазақ боксшы Golden Boy промоушенімен келісімшартқа отырды
  • sn.kz
Жәнібек Әлімханұлы тағы бір чемпиондық жекпе-жектен айырылды
Жәнібек Әлімханұлы тағы бір чемпиондық жекпе-жектен айырылды
  • 1bol.kz
Тимофей Скатов Херсониссос турнирінің ширек финалына шықты
Тимофей Скатов Херсониссос турнирінің ширек финалына шықты
  • bassport.kz
"Аяқсыз қалды": Павлодарда ер адам өз әйелін көлікпен қасақана қаққан
"Аяқсыз қалды": Павлодарда ер адам өз әйелін көлікпен қасақана қаққан
  • qaz365.kz
«Парламент үкіметке сенбеді»: Португалияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді
«Парламент үкіметке сенбеді»: Португалияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді
  • azattyq-ruhy
«Мен ешқашан қорқақ сияқты жеңілмеймін»: Манел Капе Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
«Мен ешқашан қорқақ сияқты жеңілмеймін»: Манел Капе Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
  • bassport.kz
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен басып, бір аяғынан айырды (ВИДЕО)
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен басып, бір аяғынан айырды (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған
Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған
  • qaz365.kz
Павлодарлық теміржолшы есірткі тасымалын ұйымдастырған
Павлодарлық теміржолшы есірткі тасымалын ұйымдастырған
  • qaz365.kz
Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
  • TengriNews
Тоқев халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады
Тоқев халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады
  • TengriNews
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты
  • TengriNews
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
  • baq.kz
Азаматтарға құқықтық кеңес бере алатын чат-бот әзірленді
Азаматтарға құқықтық кеңес бере алатын чат-бот әзірленді
  • baq.kz
Қытай жасанды интеллектіні физикалық жүйелермен біріктіруді күшейтпек
Қытай жасанды интеллектіні физикалық жүйелермен біріктіруді күшейтпек
  • baq.kz
Көрісу күні – наурыздың бастауы
Көрісу күні – наурыздың бастауы
  • el.kz
«Жүрегімнің сыздағаны-ай»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновты еске алып, көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)
«Жүрегімнің сыздағаны-ай»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновты еске алып, көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көп балалы ана болғысы келетінін айтты
«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көп балалы ана болғысы келетінін айтты
  • sn.kz
Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев
Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • qaz365.kz
«100 мың теңгеге дәрі сатып алдым»: көпбалалы ана аурухананың былығын әкімге айтып берді (ФОТО)
«100 мың теңгеге дәрі сатып алдым»: көпбалалы ана аурухананың былығын әкімге айтып берді (ФОТО)
  • azattyq-ruhy
Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды
Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды
  • almaty_tv
Қазақстанда «бомждарға» арналған уақытша баспана пайда болады
Қазақстанда «бомждарға» арналған уақытша баспана пайда болады
  • azattyq-ruhy
Туберкулез және оның алдын алу шаралары
Туберкулез және оның алдын алу шаралары
  • almaty_tv