Оралда су тасқынымен күрескендер марапатталды

Батыс Қазақстан облысында тасқын қаупі сейіліп, бірнеше ай бойы бойын үрей билеген елдің көңілі орнына түсті. Қазір өңірде бүлінген мүлікті қалпына келтіру, жәрдемақы мен өтемақы төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал бүгін тосыннан төнген қатерге қарсы күреске күш біріктірген бейбіт күннің қаһармандары марапатталды. Ағалы-інілі Айдар мен Дидар әскери бөлімде он жылдан бері бірге қызмет етіп келеді. Егіз жігіттерді басшылығы да бір-бірінен ажыратқан емес. Кешегі тасқында да бауырлардың еңбегі мен ерлігі еленіп, екеуі бірге марапатталды. Дидар ТАЛАПОВ, 99250 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Су тасқынынан бастап, ең бірінші Қаратөбе ауданында болдық. Келгеннен кейін Курени шағын ауданында, Самал, Желаев және тағы басқа мына жерлерде қызмет атқардық. Айдар ТАЛАПОВ, 99250 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Еліміз әрқашан бірлікте болсын, жеңісті күндер, қуанышты күндер көп болсын! Судан құтқарылған бейбіт тұрғындардың ішінде саулығы сыр бергендер де болды. Сын сағатта жүздеген адамның денсаулығы тексеріліп, дәрігерлік жәрдем көрсетілді. Айнаш ДӘУЛЕТОВА, БҚО ТЖД АПАТТЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Халықтың тірнектеп жиған дүниесі суға аққанын, бүлінген баспананы көргенде өте ауыр тиді. Эвакуацияланған тұрғындардың денсаулығын тексердік. Қанша қиын болса да, ел алдындағы жауапкершілікті сезініп, бұл сыннан абыроймен өттік деп ойлаймын. Су тасқынына бір кісідей жұмылған елдің ерен еңбегінің арқасында Ақжайық атырабы апаттан аман қалды. Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облысымыздан және басқа да өңірлерден 3 мыңға жуық күштік құрылым қызметкерлерімен қатар, жастар қауымы қиын сәтте ұйымшылдық танытып, ел үшін аянбайтындарын дәлелдеді. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Орал қаласы мен облысымыздың 4 ауданында орналасқан 84 елді мекенді су тасқынынан аман алып қалдық. Бұл - бірлескен істің нәтижесі, нағыз ерліктің көрінісі. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тасқыннан зардап шеккен 2 мыңнан астам тұрғынға бір реттік жәрдемақы төленді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семсерлесуден ел біріншілігі: шпагашылар арасында кім топ жарды
Үндістанда өрттен алты сәби көз жұмды
«Күйеуге сәтті шығып алдым»: Ерке Есмахан жеке өмірі, шығармашылығы туралы айтты
Патрульдік полицейлер өз өмірін қатерге тігіп, балаларды құтқарып қалды
Оңтүстік Корея компаниялары елімізде жобаларын жүзеге асыруға ниетті
Буындарды нығайтып, артриттен қорғайтын тағамдар аталды
Ресейден кетпеген еуропалық банктер санкцияға ұшырауы мүмкін
«Балалы бола алмайсың деді»: актер Жахан Отарғалиев өзіне қойылған диагноз жайлы айтты
Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тігіп, балаларды құтқарып қалды
«Маған 7 миллион теңге несие алдырып үйленген»: Шымкентте жігіт қызды алдап кеткен
Ақмола облысында мектеп өртенді
Жазға кеңес: аптап ыстықта қандай сусын адамды сергітеді?
Әкесіз өскен балалар ересек өмірде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін? Психологпен сұхбат
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай
Ұлыбритания билігі әлемге пандемия қаупі төніп тұрғанын айтты
Солтүстік өңірде бұршақ жауады
Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді
Ойын-сауық саябағы өртеніп, 27 адам көз жұмды
Бетке арналған уколдардың қаупі: мұндай процедураларды жасатпас бұрын не білу керек?
Ақмола облысында мектеп өртенді
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Кездесіп жүрген жігіті": оқушы қыз бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Ақмола облысында мектептен өрт шықты
Бес облыста үсік жүреді