Президент қоғамдық 5 кеселді жоюға бүкіл ел жұмылуы керектігін айтты

Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.«Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Бұл – болашақта не боларын болжап білу мүмкін емес, қазіргідей алмағайып әлемде аса маңызды мәселе. Ассамблея этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданады», - деді Президент. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталғанын еске салды. «Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент оған ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығы атсалысуы керектігін баса айтты. «Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады». Сол сияқты кішігірім әрекеттер ауқымды өзгерістерге жол ашады. Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. «Адал азамат» болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қоғамдық жұмыс – жазаның жаңа түрі
«Нәжіс толы шұңқырда жатқан»: Алматыда екі жұмысшы кәріз құдығында уланып қайтыс болды
Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды
Cу тасқыны: Қазақстан мен Жапония бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр
Маусым айында қазақстандықтар қосымша демалыс күніне байланысты үш күн қатарынан демалады
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Мәулен Әшімбаев «Run for Autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева
Run for autism аяқталды
«Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуы аяқталды
Үкімет отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қолдау құралдарын қайта қарады
«Ответчик орыс болғандықтан»: Алматыда аудандық сот қазақ тіліндегі арызды қабылдамады (ВИДЕО)
Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды
Бішкектегі тәртіпсіздік: пәкістандық студенттер Қырғызстаннан Қазақстанға өткелі жатыр ма?
Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті
Алматыда жұрттың көзінше әйелін сабаған ер адам қамауға алынды
Қытайда ҚР Ұлттық музейі қорының көрмесі ашылды
Ақтөбе облысында өрттен екі адам қаза тапты
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының тұрғындарына алғыс айтты
Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты
Сарайшық ауылында зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет соғылды
Қой ұрламақ болды деп ойлаған: Жамбыл облысында 3 азамат ауылдасын өлтірген