Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін."ҚР басым бөлігінде түнде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік-шығысында да нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша желдің екпін алуы тән. Солтүстік өңірде бұршақ түседі, орталығымызда қатты жел тұрады, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта тұман болады деп болжанады", - делінген"Қазгидромет" РМК хабарламасында.Түнде Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатады, Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі. Еліміздің мегаполистерінде алдағы күндері жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел болады деп болжанады.