Ресми табыс көзі салығынан көрінбей, қымбат көлік немесе баспана сатып алған қазақстандықтардан салық органдары ақшаның қайдан келгенін түсіндіруді талап етеді. Тексерістер қалай жүргізілетінін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қандай мүліктен сұрақ туғызуы мүмкін Журналистер вице-министрден “азаматтардың кірісі мен шығыны тұрақты түрде салыстырыла ма және олардың арасында сәйкессіздік …