Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында елдегі жемқорлық мәселесіне жеке тоқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық. Сондықтан біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз. Ешқандай жоғары награда, керемет білім және мол тәжірибе заңға қайшы әрекет …