Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Исматулла Мақсұмның медресесіндегі балалар жайлы тараған ақпарат жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Бүгінгі брифиң барысында журналистер Ішкі істер министрлігі Исматулла Мақсұмның заңсыз медресесіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтып, аталған мекемеде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені жөніндегі ақпарат турасында Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымын сұрады. «Бұл мәселе Ішкі істер министрлігінің құзыретінде. Алайда біздегі мәлімет …