Хан Ордасына жасаған сапарымыз барысында Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің әрбір ғимаратымен кезең-кезеңімен танысып келеміз. Бұған дейін Хан сарайы туралы сөз қозғаған едік. Ал бүгінгі әңгімеміз – Бөкей ордасының рухани өмірінде ерекше орын алған Хан мешіті туралы. Бұл ғимарат – Жәңгір ханның ағартушылық және діни саясатымен тығыз байланысты, қазақ даласында ислам дінінің жүйелі дамуына қызмет еткен маңызды орындардың бірі. Бүгінде мұнда музей экспозициясы орналасқанымен, оның әр қабырғасы XIX ғасырдағы Бөкей ордасының рухани өмірінен сыр шертеді.