Мақал-мәтел – әрбір ұлттың жеке тарихи жадысы, өткені, келешегі. «Қазақша-кәрісше сөздік» (카자흐어-한국어 사전, 2006) еңбегінен қазақ тіліндегі бірнеше мақал-мәтелдің корей тіліне мағыналас, кейде сөзбе-сөз аударылған нұсқаларын ұсынамыз. Төмендегі мақал-мәтелдердің барлығы адамның мінез-құлқына байланысты арнайы таңдалып алынды.