1936 жылы 17-26 мамыр аралығында Мәскеуде Қазақ мәдениетінің онкүндігі өтті. Бұл шара қазақ халқының өнері мен мәдениетін бүкіл Кеңес Одағына танытқан тарихи оқиға болды. Онкүндік қазақ мәдениетінің дамуына жаңа серпін берді. Осындай ірі шараны ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған тұлға, Жабасақтың тумасы – Темірбек Жүргенов. Шараның ұйымдастырылуы мен оның жоғары деңгейде өтуіндегі сол жылдары Халық ағарту комиссары болған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің зор еңбегін атап өтуге болады. Сонымен қатар осы мәдени шараға барған Аққұмның перзенті Әлім Алматтың естеліктеріне тоқталып, шынайы тарихи бағасын беруге тырысамыз.