Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс тек «бауырлас елдер» деңгейіндегі символикалық қатынаспен шектелмейді. Анкара мен Астана бүгінде қауіпсіздік, логистика, қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, цифрландыру және Транскаспий дәлізі секілді стратегиялық бағыттарда жаңа кезеңге қадам басып отыр. Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу Ulysmedia-ға берген сұхбатында түрік басшысының Астанаға сапары аясында жасалатын маңызды келісімдер жайлы айтып, Түркі мемлекеттері ұйымының 2040 жылға дейінгі интеграциялық жоспарына, Каспий дәлізінің болашағына, қорғаныс саласындағы ортақ жобаларға және екі елдің жаһандық дағдарыстарға қатысты ортақ ұстанымына тоқталды.
«Анкара мен Астана жаһандық дағдарыстарға ортақ шешім ұсынуға дайын» – Түркия елшісі
Басқа