Қазақстан жаңа зауыттар салып, жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға ден қойып отыр. Алайда осы өзгерістердің негізі саналатын энергетика саласында мыңдаған инженер мен техник жетіспейді. Кадр тапшылығы бүгінде тек білім беру саласының емес, ұлттық қауіпсіздіктің де өзекті мәселесіне айналды. Энергетика мамандарын даярлауда 50 жылдан астам тарихы бар Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің рөлі ерекше. Білім ордасы халықаралық серіктестікті дамытып, жаңа білім беру модельдерін енгізіп, Қаскелеңде ірі білім және технология кластерін қалыптастырып жатыр. Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында университет ректоры Ғани Нығыметов оқу орнының даму стратегиясы, халықаралық жобалары, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу тәжірибесі, сондай-ақ энергетика саласының мамандарын даярлаудағы кедергілер жайлы әңгімеледі.