Түркістан облысында медициналық жабдық сатып алуға бөлінген 117 млн теңгені жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер науқастарды оттегімен қамтамасыз етуге арналған жабдықты сатып алу кезінде заңсыз схема ұйымдастырған. Медициналық кешенді бірнеше бөлек тауарға бөліп, өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан қымбатқа сатып …