Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жаз бойы ыстық су болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Риддерде жылу желілерін ауыстыру және жылу электр орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Соған байланысты қалада 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында тұрғын үйлер мен мекемелерде ыстық су болмайды. «Өткен жылдың жазы мен күзінде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қолға алынып, қиын жағдай тұрақтандырылған болатын. Осылайша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өтті. Биыл да жөндеу жұмыстары жалғасады. Былтыр жөндеумен қамтылмаған қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр», - делінген әкімдік хабарламасында.Сондай-ақ жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын жылу желілерінің 55 учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.«Барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр. Олардың орындалу барысы үнемі бақылауда болады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жас маман-2024» – бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
«Шара қолданамыз!»: Бітіруші түлектен сыйлық алуға тыйым салынды
Қытайда Орталық Азия елдері халықтарының мәдени орталығы ашылды
Қазақстандық боксшылардың Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды
Петропавл тұрғыны әйелін, інісін, өгей қызын өлтіріп, өртеп жіберген
Шымкентте дәрігерлер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген
Мәжілісте есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы талқыланды
Қазақстанда тыңайтқыш енгізу көлемін 3,2 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр
25 жыл бойы асыранды екенін білмей келген келіншек ата-анасын іздеп жүр
Синоптиктер 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Жамбыл облысында биыл 1700-ге жуық жұмыс орны құрылады
"Ер азаматтар бөгет басында" - Жалғансай ауылының тұрғыны
"Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр". Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тосын жайтқа тап болды
«Жетісу» командасы «Ұлы дала жорығының» үшінші маусымында жеңімпаз атанды
Алматы облысында ер адам тереңдігі 5 метр шұңқырға құлап кеткен
Сингапур стиліндегі қала: Президент Alatau City жобасы бойынша кездесу өткізді
Жыл басынан бері 339 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
«Ұлы дала жорығы - 2024»: Жетісу облысының командасы үшінші маусымның жеңімпазы атанды
Елорданың «Байқоңыр» ауданында алғаш рет реновация бағдарламасы бастау алды
Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады
ШҚО-да жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды
Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды
94 жастағы зейнеткер әйелін ұрып, үйін жарып жіберген: көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды