Құрылтай әлеуметтік желілерге 16 жасқа толмаған балалардың тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев алып келген заң жобасы бойынша онлайн-платформалар пайдаланушылардың жасын тексеруге тиіс. Алайда бұл шектеу жеке сөйлесуге, ата-аналармен және мұғалімдермен байланысуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды. Сондай-ақ платформалардың Қазақстанда заңды тұлға ретінде өкілдігін ашуы талап етіледі. …