Қостанайда соңғы жылдардағы ең атышулы әрі ірі қаржылық дау-дамай өз мәресіне жетті. Облыстық прокуратура `Тобыл` футбол клубынан 728,3 миллион теңгені (шамамен 1,54 млн доллар) бюджетке қайтаруды талап етіп, шу шығарған еді. Құқық қорғаушылар бұл қыруар қаражат мақсатсыз жұмсалды деп айыптады, алайда сот күтпеген жерден клубтың сөзін сөйлеп, іске нүкте қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.