Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың Еуропалық мансабы бұрылысқа тап болды. Өткен жазда алдын ала келісімшартқа қол қойып, осы жылдың қаңтар айында ғана Шотландиялық "Хартс" клубына үлкен үмітпен ауысқан отандасымыз Шотландия астанасы Эдинбургте тұрақтай алмады. Ұлыбритания футболына бейімделе алмаған шабуылшы небәрі 6 айдан кейін Қазақстанға қайтып келудің аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тұманды Альбионнан Қостанайға шегініс – Чесноков небәрі 6 айдан кейін елге оралмақ
Спорт