Астанада ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының спортшылары бір күміс және төрт қола медаль иеленді. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 15-орынға тұрақтады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.