Бурабайда электр пойыздары іске қосылып, күре жолдарда заманауи сервистік кешендер салынуы мүмкін. Астанада өткен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында туризм саласын тежеп отырған негізгі мәселелер мен инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Жиында кәсіпкерлер Бурабай жолдарындағы көлік кептелісін азайту, үш жұлдызды қонақүйлер тапшылығын жою, ұлттық парктердегі рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету және Текеліге туристік қала мәртебесін беру бастамаларын көтерді. …