Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты ең ұлы спорттық мейрам, жаһандық басты карнавал саналып жатқанымен, оны 30 жылдан кейін қайта қабылдаған бас ұйымдастырушы ел АҚШ бұл пікірмен мүлдем келіспейтін сыңайлы. Жергілікті Американдықтардың арасында жүргізілген соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі әлемдік БАҚ-ты таңғалдырды. Бүкіл дүниежүзі тағатсыздана күткен дода Американдықтар үшін мүлдем қызықсыз болып шықты.