Сайрам ауданының тұрғыны 102-ге хабарласып, күйеу баласы қызын пышақпен қорқытып, кепілге алғанын айтты. Полиция жедел тексеру барысында қаскөйдің лудоман екенін анықтап, бұрынғы әйеліне күш көрсеткенін байқады. Ол кепілге алған адамды өлтіремін деп «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» трассасымен Қызылорда облысына қарай жолға шыққан.