Қарағанды циркінде қойылым кезінде акробат шамамен бес метр биіктіктен құлап кетті. Оқиға көрермендердің көз алдында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, гимнаст цирк аренасында акробатикалық жаттығу орындап жатқанда тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлаған. Ол қойылым кезінде сақтандыру құралын пайдаланбаған. Оқиға көрермендердің көз алдында болған. Куәгерлер акробаттың құлаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде …