Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады tiek.kz. Оңтүстік Кореяның ресми органдары таратқан деректерге сәйкес, қайғылы жағдай таңғы сағат 09:45 шамасында Сеулдің оңтүстігіндегі Сочо ауданында болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растап, мәлімдеме жасады. СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған. «Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары …