Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын 2029 жылға дейін айына 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлім етті. Министрдің сөзінше, қазір PhD докторанттары ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есе өскен. “Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін …