Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 56 отбасы баспаналы болды. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарындағы үйлерден пәтер кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен мемлекеттік қызметшілер бар. Пәтерлер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары […]