Түркістан облысында ішкі саясатты дамытудың алдағы міндеттері айқындалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте азаматтық қоғаммен байланыс, этносаралық келісім және қоғамдық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Жиында облыстың 2026–2030 жылдарға арналған ішкі саясат тұжырымдамасы таныстырылды. «Тұран төріндегі текті өлке» идеясын негізге алған құжат өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға, адал еңбек пен […]