«Қазақстан парламенті және оның депутаттары туралы» конституциялық заң бұдан былай «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі» туралы заң деп аталады. Жаңа жобаға «Депутаттық әдеп» деп аталатын тарау енген. Жаңа жобадағы «Депутаттық әдеп» тарауы нені білдіреді? Бұған дейін ол қалай реттеліп келген еді? Онсызда «елдегі өзекті мәселелерге келгенде үнсіз қалады» деп, қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайтын депутаттар үшін бұл қосымша шектеу емес пе? Жоқ әлде парламент мінберінен отбасы мүшелерін құттықтайтын депутаттарға бақылауды күшейтетін қажетті тәртіптік норма ма? Ulysmedia бүгін осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.