Қазақстанның барлық 20 өңірінде «Ауыл» партиясының өңірлік сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Жиындарда сайлау науқаны барысында атқарылған ұйымдастыру және үгіт-насихат жұмыстары сараланып, алдағы кезеңнің негізгі басымдықтары айқындалды, деп хабарлайды Tiek.kz. 1 405 кездесу және 440 үміткер: Науқанның негізгі көрсеткіштері Сайлау науқаны кезінде партиялық тізім және бірмандаттық округтер бойынша ұсынылған кандидаттар халықпен етене жұмыс істеді. Еңбек …