Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шеруге шыққан 14 адам ұсталды. Бұл туралы Грузияның Ішкі істер министрлігі жариялады.Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталғандар «жиналу және сөз бостандығы құқығын жүзеге асырудың заңнамалық негіздерін» сақтамаған, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, «қорлаған».